Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру дәрісі өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру дәрісі өтті
«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәрісті орталықтың заңгері А. Ищанова жүргізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде интернет кеңістігінде кездесетін алаяқтық әрекеттер, жалған ақпарат тарату және азаматтарды жаңылыстыру жағдайлары қарастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің цифрлануы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді құралы екені атап өтілді.

Қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке деректерді қорғау және интернетті қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Дәрістің мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.