Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Сахна тілі және жүргізуші шеберлігі»: студенттерге арналған тренинг өтті

«Сахна тілі және жүргізуші шеберлігі»: студенттерге арналған тренинг өтті
21 сәуірде Облыстық халық шығармашылығы орталығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен шығармашылық серіктестік аясында «Сахна тілі және жүргізуші шеберлігі» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты – студенттердің сахна мәдениетін қалыптастыру, көпшілік алдында еркін әрі сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту, жүргізушілік шеберлігін жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Шара барысында қатысушылар сахна тілінің негізгі қағидаларымен танысып, дұрыс дикция, дауыс ырғағын басқару, аудиториямен байланыс орнату және сахнада өзін ұстау мәдениеті бойынша тәжірибелік білім алды.
Тренинг модераторы – ақын, драматург, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Г. Калдина. Сонымен қатар қонақ ретінде «Айсын» радио жүргізушілер мектебінің негізін қалаушы Айсын Байтақова және айтыскер ақын Айболат Көшкінбай қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттерге практикалық тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берілді. Қатысушылар сахнада сөйлеу, мәтінді дұрыс жеткізу және көрерменмен байланыс орнату дағдыларын дамытты.
Аталған тренинг жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге және жүргізушілік қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.