Жаңалықтар мен оқиғалар
«Бабалар үні – батырлар жырында» атты жыр және айтыс кеші өтті

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 16–23 сәуір аралығында өткен Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне арналған апталық аясында «Бабалар үні – батырлар жырында» атты жыр және айтыс кеші ұйымдастырылды. Кешке «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жыршы, ҚР мәдениет саласының үздігі Әділбек Сарин және жыр мектебінің шәкірттері қатысып, батырлар жыры мен қисса-дастандардан үзінділер орындады.
Сонымен қатар, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері қатысып, айтыскер ақындар өзара суырыпсалма өнер үлгілерін көрсетті. Тағылымды кеш ұлттық жыршылық дәстүрді насихаттап, жас буынның рухани дамуына бағытталған мазмұнды басқосу ретінде өтті.