Жаңалықтар мен оқиғалар
Еңбек еленді: Ақтөбелік айтыскер ақындар Президент Алғыс хатымен марапатталды

Еңбектің еленуі — үлкен мәртебе.
Бүгін өңіріміздің абыройын асқақтатып жүрген айтыс өнерінің көрнекті өкілдері жоғары марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, «Мәдениет саласының үздігі», айтыскер ақын Ахметов Марат Сәрсенбайұлы және «Айтыстың ақтаңгері», талантты ақын Жауынбаев Нұрбол Маратұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат — олардың ел руханиятына, ұлттық өнерді дамытуға және қоғамдық-саяси өмірге қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі.
Сөз өнерінде топ жарып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген азаматтарға көрсетілген бұл құрмет — барша мәдениет саласы үшін маңызды жетістік.
Қос ақынымызды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз.