Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Мәдениет саласының үздік маманы – Рахила Қалдығалиева

Мәдениет саласының үздік маманы – Рахила Қалдығалиева
Мәдениет – ұлт руханиятының негізі болса, сол саланың дамуына үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Осындай білікті де тәжірибелі мамандардың бірі – Қалдығалиева Рахила Файзулақызы.

Рахила Файзулақызы білім жолын Байғанин орта мектебінде бастап, кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін музыка мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Байғанин аудандық мәдениет үйінде бастап, ұзақ жылдар бойы аталған мекемеде түрлі қызметтер атқарды.

Ол балалар әдіскері, аға әдіскер, кабинет меңгерушісі ретінде мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысып, жас өнерпаздардың шығармашылық дамуына үлес қосты. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігімен ерекшелене білді.

Еңбек жолында Рахила Файзулақызының жетістіктері түрлі марапаттармен атап өтілді. Атап айтқанда, облыстық мәдениет басқармасының, аудан әкімінің, кәсіподақ ұйымдарының Алғыс хаттары мен салалық марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Қазіргі таңда Рахила Файзулақызы Облыстық халық шығармашылығы орталығында әдіскер қызметін атқарады. Ол облыстық мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатысып, өңірдегі мәдениет мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.

Кәсіби тәжірибесі мол, өз ісіне адал маманның еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Рахила Файзулақызының мәдениет саласындағы қызметі алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім мол.