Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ұлықтайық ұлыны» концерті өтті

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ұлықтайық ұлыны» концерті өтті
А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің концерт залында Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ұлықтайық ұлыны» атты шара өтті.
Аталған концерт қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасының шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналды.
Концерт барысында күйші Т. Хамзиннің шәкірттері өнер көрсетіп, Ахмет Жұбановтың күйлерін орындады. Сонымен қатар дәстүрлі күй өнерінің үздік үлгілері ұсынылып, ұлттық мұра кеңінен насихатталды.
Шараның негізгі мақсаты – Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, қазақтың күй өнерін дамыту және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау.