Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

№3 орта мектепте жыршылық өнерді дәріптеген кездесу өтті

№3 орта мектепте жыршылық өнерді дәріптеген кездесу өтті
№3 орта мектебінде «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу және жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау. Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан шәкірттердің жетістіктері атап өтіліп, аталған жобаның Азия мен Африка елдері бойынша GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені айтылды. Кездесу барысында жыр мектебінің шәкірттері өнер көрсетіп, оқушылар мен ұстаздар қатысты.