Жаңалықтар мен оқиғалар
Шығармашылық академиясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу өтті

Шығармашылық академиясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу және жас жыршылардың жетістіктерін кеңінен таныстыру. Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан шәкірттердің жетістіктері айтылып, жобаның Азия мен Африка елдері бойынша GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені атап өтілді. Кездесу сұхбат форматында өтіп, оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысты.





