Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

№55 орта мектеп-гимназиясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу өтті

№55 орта мектеп-гимназиясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу өтті
№55 орта мектеп-гимназиясында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жас жыршылармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу және жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау.
Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан шәкірттердің жетістіктері атап өтіліп, аталған жобаның Азия мен Африка елдері бойынша GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені айтылды. Кездесу сұхбат форматында өтіп, оқушылар мен ұстаздар қатысты.