Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қазанғап атындағы өнер мектебінде жыршылық өнерді дәріптеген кездесу өтті

Қазанғап атындағы өнер мектебінде жыршылық өнерді дәріптеген кездесу өтті
Қазанғап атындағы өнер мектебінде «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин және жыр мектебінің ұстазы Жеңіс Елемеспен кездесу өтті.
 Кездесудің мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу және жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау. Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан шәкірттердің жетістіктері атап өтіліп, аталған жобаның Азия мен Африка елдері бойынша GBR (Global Best of Records) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені айтылды. Шара соңында Қазанғап атындағы өнер мектебінің директоры «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттерін Алғыс хаттармен марапаттады.