Жаңалықтар мен оқиғалар
«Фольклорлық ұжымдардың шығармашылық бағыты мен болашағы» тақырыбындағы шеберлік сағаты өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің алқажиыны аясында. Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен «Фольклорлық ұжымдардың шығармашылық бағыты мен болашағы» тақырыбындағы шеберлік сағатының мақсаты – фольклорлық өнерді дамыту, ұлттық мұраны сақтау және заманауи бағытта жетілдіру мәселелерін талқылау болды.
Шараға аудандық мәдениет үйлерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілері, үйірме және көркемдік жетекшілер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімі» меңгерушісі К. Романова «Фольклорлық ұжымдардың шығармашылық бағыты мен болашағы»
тақырыбында баяндама жасап, фольклорлық ансамбльдер мен үйірме жұмысының өзара байланысы, жас буынды тарту және шығармашылық ізденістерді жүйелеу мәселелеріне тоқталды.
Мультиаспапшы, қазақ ұлттық аспаптарын зерттеуші, дәстүрлі өнерді жаңаша бағытта насихаттап жүрген өнер иесі Әлібек Ынтағали қатысушыларға ұлттық аспаптарды меңгерудің заманауи тәсілдерін көрсетіп, орындаушылық шеберлікті арттыру бойынша тәжірибелік кеңестер беріп, шығармашылық ізденістің нақты көрінісін көрсетті.