Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ахмет Жұбанов атындағы колледжде «Apta zuldyzy» атты кездесу өтті

Ахмет Жұбанов атындағы колледжде «Apta zuldyzy» атты кездесу өтті
Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде «Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен» жобасы аясында «Apta zuldyzy» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жыршылық өнерді дәріптеу және жас жыршылардың жетістіктерін насихаттау. Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан колледж студенттерінің жетістіктері атап өтіліп, аталған жобаның Азия мен Африка елдері бойынша GBR дүниежүзілік рекордтар кітабына енгені айтылды. Кездесуге «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшілері Әділбек Сарин мен Нұрпейіс Әбілхасан қонақ ретінде қатысып, сұхбат форматында мазмұнды әңгіме өрбітті.