Жаңалықтар мен оқиғалар
«Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті»

2026 жылдың 25 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жыр жауһары – Жамбылым!» атты, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 18–35 жас аралығындағы жас ақындар қатысып, өзара бақ сынады. Екі кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар алғашқы кезеңде Ж. Жабаевқа арналған жырларын оқыса, екінші кезеңде патриоттық тақырыптағы өлеңдерімен ел рухын асқақтатты.
Мүшәйраға облысымыздың атынан қос жүйрігіміз – айтыскер ақындар Бекжанов Айбат пен Көшкенбай Айболат қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде Бекжанов Айбат жүлделі I орынды иеленіп, 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа қол жеткізді. Ал Көшкенбай Айболат арнайы жүлдеге ие болып, қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жыр мерейі үстем болсын!