Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Коляда» ансамблінің «В кругу друзей» атты есептік концерті өтті

«Коляда» ансамблінің «В кругу друзей» атты есептік концерті өтті
Облыстық халық шығармашылығы орталығының 65 жылдық мерейтойы аясында «Славяне» этномәдени орталығының «Коляда» халықтық фольклорлық ансамблінің «В кругу друзей» атты есептік концерті өтті. Концертке өңірдегі этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысып, көпұлтты мәдениеттің бай мұрасын ұсынды. Бағдарлама барысында қазақ және орыс халықтарының әндері мен салт-дәстүрлері көрініс тауып, түрлі этностардың өнері бір сахнада тоғысты. Кеш соңында «Менің Қазақстаным» әні алғаш рет орындалып, ерекше әсер қалдырды. Аталған концерт ұлтаралық келісім мен достықты нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеген тағылымды мәдени шара ретінде өтті.