Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Жыраулар жолымен» жобасы аясында №35 мектепте кездесу өтті

«Жыраулар жолымен» жобасы аясында №35 мектепте кездесу өтті
«Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен» жобасы аясында №35 Халел Досмұхамедұлы атындағы мектепте кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жыршылардың жетістіктерін өнеге етіп, жыршылық өнерді дәріптеу. Шара барысында Ақтөбеде өткен «Жыраулар жолымен…» 24 сағаттық жыр кешіне қатысқан Жетесовтар әулетінің жетістігі атап өтіліп, аталған жобаның GBR (Global Best of Records) әлемдік рекордтар кітабына енгені айтылды.
Кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, мектеп мақтаныштары Алтынай, Жарқынай және Темірхан Жетесовтар өнер көрсетті.