Жаңалықтар мен оқиғалар
«Жаңарсын әлем әнменен» кеші өтті

19 наурыз – «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес «Жаңару күні» аясында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жаңарсын әлем әнменен» атты мерекелік кеш өтті. Шараның негізгі мақсаты – табиғатпен бірге түлеп, жаңарған кезеңнің мәнін насихаттау, халықтың бірлікке ұмтылып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа күннен жақсылық күтетін игі дәстүрін дәріптеу болды. Кеш барысында қалалық өнер ұжымдары мен шығармашылық орталықтардың жас өнерпаздары өнер көрсетті. Атап айтқанда, Names Productions балалар продюсерлік орталығы, «Қарақат» өнер мектебі студиясы және Мәңке ата жеке шығармашылық мектебінің оқушылары сахнада өз өнерлерін көрсетті. Бағдарламада дәстүрлі, эстрадалық және халық әндері орындалып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, би ансамбльдерінің көркем қойылымдары кештің мазмұнын айшықтай түсті.





