Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақтөбеде Наурыз тойы дүркіреп өтті

Ақтөбеде Наурыз тойы дүркіреп өтті
Ұлыстың ұлы күнін тойлауға он мыңдағантұрғын мен қала қонақтары жиналды.
 Ақтөбеліктер жылдағы ең басты мерекелердің бірі – Наурыз мейрамын кең көлемде, жылы әрі ерекше атмосферада тойлады.
 Мерекелік шаралар «Қазақстан халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Таңертеңнен бастап бұл жерге қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. «Наурыз — жарқын жыл басы» атты бағдарлама ұлттық дәстүрлердің байлығын және мерекенің заманауи сипатын айқын көрсетті. Сахнада қойылған әсерлі театрландырылған көрініс Наурыз тойының шымылдығын ашты.
Ресми бөлімнен кейін көрермендер назарына жергілікті эстрада өнерпаздарының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада халық әндері шырқалып, ұлттық билер орындалып, нағыз халықтық мерекенің көрінісі қалыптасты.
 Мерекенің шырайын шақырған сәттердің бірі – арнайы шақырылған өнер жұлдыздары Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаеваның өнер көрсетуі болды. Олар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
 Күні бойы қала тұрғындары Әз-Наурызды айырықша ықыласпен тойлады: ұлттық тағамдардан дәм татып, мәдени іс-шараларға қатысып, бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Ақтөбедегі Наурыз тойы ұлттық дәстүрлерді сақтау, мәдени мұраға құрмет көрсету және халық бірлігінің жарқын үлгісіне, заманауи мәдениет пен технология тоғысқан біртұтас мерекелік кеңістікке айналды. Бұл мейрам шуақты ме тағы да татулық пен келісімнің маңызын еске салып, әр буын өкілдерін қуаныш пен ізгілікке біріктірді.