Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«ӨНЕР - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ЕСЕПТІК-КОНЦЕРТІ

«ӨНЕР - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ЕСЕПТІК-КОНЦЕРТІ
Қаңтар айының 31- жұлдызында Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы  орталығының ұйымдастыруымен "Өнер- халық қазынасы" тақырыбымен есеп беру концерті өтті.

 Мақсаты – халық шығармашылығын кеңінен таныту, өнерпаздардың шеберлігін арттыру және мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу. 
 Аталған мәдени іс-шара халықтық өнерді дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және шығармашылық ұжымдардың бір жылдық жұмысын қорытындылауға арналған.

 Есептік концерт барысында орталыққа қарасты шығармашылық ұжымдар мен үйірмелердің үздік өнерлері көрермен назарына ұсынылды. Кеш «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің өнерімен басталып, «Ер Едіге» жыр мектебінің оқушыларының термесімен жалғасты. «Әдеп» халықтық тобы, ерлерден құралған «Төрелер» би ансамблі, «Назерке» би ансамблінің биші қыздары және «Батыс-этно» тобы өнер көрсетті. Ақтөбе облысын әлемге танытқан, Халықаралық байқаулардың лауреаты , дара дауыс иесі Аллаберген Жақсыбаев, Орал Бәйсеңгір мен Нұргүл Тілегенова, Бағдат Балмағанбетова, Қайрат Жазбекұлы, Әбілхасан Нұрпейіс, Талап Хамзин - секілді талантты тұлғалар көрерменге ән, күй және жырдан шашу шашып, шараның мазмұнын байыта түсті.  Кеш сазгер, ұстаз , 80-ге жуық әндердің авторы Мақсым Меңкешовтің ақ батасымен аяқталды. 

Кешті жүргізуші ақындар Гүлжайнар Калдина мен Айболат Көшкімбаев көрермен байланыс орната отырып, концертті ойнақы, еркін форматта жүргізді. 
  Шараға мәдениет саласының өкілдері, өнер сүйер қауым,  қала тұрғындары мен қонақтары шақырылды және БАҚ өкілдері қатысты