Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Туған өлке үні: шығармашылықтың белесі және заманауи әуендер үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Туған өлке үні: шығармашылықтың белесі және заманауи әуендер үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында «Туған өлке үні: шығармашылықтың белесі және заманауи әуендер үндестігі»
тақырыбында «Ақтөбе әуендері» бірлестігінің мүшелерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара жергілікті ақын-сазгерлер шығармашылығын насихаттауға, өңірдің музыкалық мұрасын дәріптеуге және дәстүрлі әрі заманауи музыкалық бағыттардың өзара сабақтастығын талқылауға арналды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар авторлық әндердің бүгінгі мәдени кеңістіктегі орны, өңірлік шығармашылықтың даму бағыттары, заманауи әуендермен үндестігі және жас авторларды қолдау мәселелері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар бірлестік мүшелерінің таңдаулы шығармалары таныстырылып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Аталған шара өңірдің мәдени әлеуетін арттыруға, жергілікті шығармашылық иелерінің еңбегін кеңінен танытуға және ұлттық өнердің заман талабына сай дамуына ықпал еткен мазмұнды басқосу болды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан композиторлар одағының өңірлік мүшелері, мәдениет саласының өкілдері мен ардагерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.