Жаңалықтар мен оқиғалар
«Күймен жазылған ғұмыр» атты лекция-концерт

Қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, дәулескер домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай «Күймен жазылған ғұмыр» атты лекция-концерт өтті. Тағылымды шара Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде ұйымдастырылды.
Лекция-концертке колледж студенттері қатысып, қазақ күй өнерінің тарихы мен дәстүрлі орындаушылық мектебі туралы мазмұнды мағлұмат алды. Шара барысында Қаршыға Ахмедияровтың өмірі мен шығармашылық жолы, күйшілік өнердегі орны жан-жақты сөз болды.
Кеш барысында Қаршыға Ахмедияровтың күйлері мен репертуарындағы шығармаларды колледж студенттері және күйші, өнертанушы Талап Хамзин орындады. Орындаулар арқылы күйлердің мазмұны, көркемдік ерекшелігі мен орындаушылық дәстүрі тыңдарманға кеңінен таныстырылды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі Талап Хамзин лекция-концерт барысында әр күйге түсіндірме беріп, музыкалық талдау жасады.
Шараның басты мақсаты – жас буынның ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттыру, дәстүрлі музыкаға құрмет қалыптастыру және Қаршыға Ахмедияровтың бай шығармашылық мұрасын насихаттау.
«Күймен жазылған ғұмыр» лекция-концерті мазмұнды да тағылымды сипат алып, студенттер үшін рухани-танымдық мәні зор мәдени шара ретінде өтті.