Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Сарқыт» этно-мейрамханасында жырау шайдың 3 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

«Сарқыт» этно-мейрамханасында жырау шайдың 3 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетін дәріптеуге бағытталған игі бастамалардың бірі – жырау шай дәстүрі Ақтөбе өңірінде тұрақты түрде жалғасып келеді. Осы орайда «Сарқыт» этно-мейрамханасының ашылғанына 4 жыл, ал Ер Едіге жыр мектебімен бірлесіп жырау шай өткізіліп келе жатқанына 3 жыл толуына байланысты арнайы шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Мерекелік шара 28 желтоқсан күні сағат 16:00-де «Сарқыт» этно-мейрамханасында өтті. Кештің басты мақсаты – ұлттық жыраулық дәстүрді жаңғырту, жас жыршылардың өнерін кеңінен насихаттау және қазақтың төл өнеріне деген қызығушылықты арттыру.

Шығармашылық кеш барысында Ер Едіге жыр мектебінің шәкірттері жыр, терме және дәстүрлі әндерден өнер көрсетіп, көрермен қауымға рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ, «Сарқыт» этно-мейрамханасына арнайы арналып жазылған толғау кеш барысында шашу ретінде алғаш рет орындалды.

Жырау шай – тек өнер кеші ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, жыр дәстүрі арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын тағылымды мәдени алаң екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Аталған шараға «Мұнара» телеарнасы арнайы қатысып, шығармашылық кештен бейнетаспа түсіріп, сұхбаттар алды. Арнаға жоба жетекшісі Әділбек Сарин мен жыршы Жеңіс Елемесов сұхбат беріп, жырау шай дәстүрінің мәні мен маңызы жөнінде ой бөлісті.

Ұлттық рух пен дәстүр тоғысқан бұл рухани кеш көрермен тарапынан жоғары бағаланып, дәстүрлі өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени бастама ретінде өтті.