Жаңалықтар мен оқиғалар
"Әділбек Сариннің кітабының тұсаукесері өтті"

«Шабыт» бизнес орталығында Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің мұрындық болуымен, «Ер Едіге» жыр мектебі мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өмірбаяны жыр үлгісінде жазылған еңбектің тұсаукесер кеші өтті.
Шараға имамдар мен ұстаздар, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің «Әжелер» мектебі, «Шырайлым» қыз-келіншектер клубының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жыршылар, депутаттар және БАҚ өкілдері т.б қатысты.
Аталған кітаптың авторы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин. Кітапта Пайғамбарымыздың ғибратты өмір жолы қазақтың жыраулық дәстүріне сай жыр тілінде баяндалған.
Шара барысында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірттері жырдан үзінділер орындап, жыраулық өнердің тағылымды үлгілерін көпшілікке ұсынды.
Рухани мазмұнға толы бұл кеш ұлттық жыршылық дәстүрді дәріптеп, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Сонымен қатар Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Боран Оңғарұлы Әділбек Саринге «Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев» атындағы мерекелік «Мерей» медалін, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің атынан алғыс хат пен сый сияпат табысталды. Ал Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли қазақы дәстүр бойынша автордың иығына шапан жапты.
Айтулы шараға Ақтау қаласынан жырау Бақтыбай Елеусінов арнайы қатысып, жаңа кітаптың желісі бойынша жыр орындады.
Шара қорытындысы ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптардың жәрмеңкесі болды. Бүгінгі «Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» шарасында ҚМДБ баспасынан шыққан жаңа туындылар «Ислам энциклопедиясы 2-ші том», «Балаларға арналған пайғамбарлар қиссасы», «Құран інжулері» және Әділбек Сариннің «Пайғамбар жыры» кітабының лентасы қиылып, оқырманға жол тартты.