Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қырымның қырық батыры: Ерлік пен елдік дастаны

Қырымның қырық батыры: Ерлік пен елдік дастаны
 Қаңтар айының 13-і жұлдызында  Облыстық халық шығармашылығы орталығында “Ер Едіге” жыр мектебінің 5 жылдығына орай «Қырымның қырық батыры: Ерлік пен елдік дастаны» атты жыр кеші жоғары деңгейде өтті.

Халық жадында сақталып, ғасырлар қойнауынан жеткен «Қырымның қырық батыры» эпосы – ұлт рухының мәңгілік символы. «Ер Едіге» жыр мектебінің жас жыршылары кезек-кезегімен сахна төріне шығып, эпостан үзінділерді дәстүрлі мақаммен орындады.

Кештің жүргізушісі – жыршы, А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің дәстүрлі ән-жыр класының оқытушысы Елемесов Жеңіс жыр кешінің мазмұны мен тарихи маңызын айшықтап отырды.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы құттықтау сөз сөйледі. Облыстық мәслихат депутаты Боран Оңғарұлы құттықтау сөз сөйлеп, Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның Алғыс хатын табыстады.

Аталған жыр кеші ұлттық жыршылық өнерді насихаттауға, жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға және ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтауға бағытталған мазмұнды рухани шара ретінде өтті.