Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Мың жылдығын болжаған Мөңке баба» атты Мөңке бидің 350 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

«Мың жылдығын болжаған Мөңке баба» атты Мөңке бидің 350 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Ұлы ойшыл, дала философы, көреген Мөңке бабамыздың 350 жылдығына арналған «Мың жылдығын болжаған Мөңке баба» атты республикалық жыр мүшәйрасы 2025 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтеді.
1.2. Жыр мүшәйрасының құрылтайшысы: Ақтөбе облысының әкімдігі.
1.3. Жыр мүшәйрасының уәкілетті органы: «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ. Байқаудың ұйымдастырушысы «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК.
1.4. Осы Ереже республикалық жыр мүшәйрасының мақсаты мен міндеттерін, жүргізілу тәртібін анықтайды.

2. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Ұлт тарихындағы елдік және ерлікті, мың жылдығын болжаған көріпкел, би, шешен атымен қалған Мөңке бидің өнегесін ұрпақ санасында насихаттау, ұлттық рухымызды асқақтатып, жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру;
2.2. Ұлттық әдебиетімізді терең мағыналы, асқақ рухты жаңа жырлармен толықтыру, қазақ поэзиясына өзіндік үнімен келген дарынды тұлғаларды анықтау және оларды қолдау;
2.3. Рухани қазынамызды кемелдендіріп, тіл мәртебесін арттыру, елдегі береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу.

3. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:

3.1.Байқауға үш тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:
1. «Мың жылдықты болжаған Тұранның ұлы тұлғасы» Мөңке би туралы поэзиялық шығармалар;
2. «Сөйлеген сөзі – сом алтын» Мөңке бидің шешендік сөздерін шығармаға арқау ету;
3. Еркін тақырып

3.2 Республикалық жыр мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

3.3 Үміткерлердің жазылған шығармалары берілген тақырыптар бойынша жазылуы тиіс және әрбір тақырыптардағы өлеңдер 25 шумақтан аспауы тиіс.

3.4 Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
3.5 Жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана ұсынылады;
3.6 Мүшәйраға қатысушы шығармасын бүркеншік атпен жолдайды.
3.7 Автор өзі туралы толық мәліметті мүшәйраға жолдаған шығармасынан бөлек
gulnara.romanova.63@mail.ru эл. поштасына жазып жібереді.
3.8 Қатысушылардың жол шығыны жіберуші жақтан және орналасу орыны ұйымдастырушылар есебінен төленеді.
3.9 Ережеге сәйкес келмейтін шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

4. ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:
4.1. Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар 2025 жылдың 5 тамызына дейін қабылданады;
4.2. Қабылданған шығармалар ішіндегі ең үздіктері қыркүйек айында анықталып, жеңімпаздар арнайы марапатталатын болады.

5. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

5.1. Қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар танымал ақындардан құралады. Олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, үздігі анықталып ұйымдастырушыларға ұсынады.

6. МҮШӘЙРАНЫҢ ЖҮЛДЕ ОРЫНДАРЫ:
Бас жүлде (біреу) І орын (біреу) ІІ орын (біреу) ІІІ орын (екеу)

Ұйымдастыру комитеті: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Жеңіс даңғылы,
14 а Облыстық халық шығармашылығы орталығы
e-mail:
gulnara.romanova.63@mail.ru Тел: 8-707-378-94-27 Гулнара Романова.