Жаңалықтар мен оқиғалар
Ақтөбе - ұлттық өнер ордасы! Ақтөбе - «Күміс домбыра» статуэткасына ие болды!

Ақтауда «AMANAT» партиясының қолдауымен «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыстың ақтық сайысы өз мәресіне жетті. Командалық айтыстың финалдық кезеңінде Айтбай Жұмағұлов жетекшілік еткен Қарағанды және Бекарыс Шойбеков бастаған Түркістан облысының командалары өзара бақ сынады.
Командалық айтыс – ұлтық дәстүрлі өнер - айтыс, дәстүрлі ән, күй, жыр мен термені бір шаңырақтың астына топтастырған бірегей бастама болды. Бес түрлі өнер бес саусақтай бірігіп, ұлттық рухтың мызғымас жұдырығына айналды. Қорытынды айтыста Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары сөз сайысына түсіп, көрерменге терең әсер сыйлады.
Екі жылға созылған Мега жобаның нәтижесі төмендегідей болды:
3-орын – Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысына;
2-орын – Астана қаласы мен Ақтөбе облысына;
1-орын – Түркістан мен Қарағанды облыстарының командаларына бұйырды.
Ақтөбе өңірі ұлттық өнердің қайнар көзі, бірегей қарашаңырағы деуге болады. Ақтау төрінде өткен ақтық финалға Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, мәдениет қызметкері, айтыскер ақын Марат Сәрсенбайұлы қатысып, «Күміс домбыра» статуэткасына ие болды. Командалық айтыста өнер көрсеткен барша өнер иелерін құттықтаймыз!
Ұлттық өнерге жанашыр бола білген, айтыскер ақындарымыз бен жыршы, күйшілерге ұлттық нақыштағы киімдер тіктіріп, еркін өнер көрсетуіне қолдау білдір Ақтөбе облысы әкімі Асхат Берлешұлына алғыс білдіреміз!