Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«ҚАДЫР ЖЫРЫ – ХАЛЫҚ ҮНІ» байқауында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Бақыт Арыстан жүлделі 2-орынға ие болды!

«ҚАДЫР ЖЫРЫ – ХАЛЫҚ ҮНІ» байқауында «Ер Едіге» жыр мектебінің шәкірті Бақыт Арыстан жүлделі 2-орынға ие болды!
Батыс Қазақстан мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай «Қадыр жыры – халық үні» республикалық жыршы-термешілер байқауы мәресіне жетті.

Екі кезең бойынша өткен байқауға өңірімізден түлеп ұшқан жыршылар – Самал Медеубаева мен Бақыт Арыстанғалиева қатысып, бағын сынап көрді. Байқау нәтижесі бойынша, Бақыт Арыстанғалиева жүлделі 2-орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал, Самал Медеубаева ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Талай додада талантымен шаң қаптырып жүрген жас жыршыны құттықтай отырып, биік белестер, зор шығармашылық табыс тілейміз!