Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ақын рухына тағзым

Ақын рухына тағзым
Н.Байғаниннің туғанына — 165 жыл

Биыл халқымыздың ардақты перзенті, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толып отыр. Осыған орай Ақтөбе қаласында тағылымды іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде ақынның рухына тағзым ету, облыстық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылды.

Алдымен іс-шара Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин,«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, қалалық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары ақынның рухына тағзым етті.

Аталған шарада ақынның өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайлы тағылымды естеліктер айтылды.
— Нұрпейіс Байғанин 1860 жылы Темір ауданындағы Сүлікті елді мекеніндедүниеге келген. Әкесі Байғана белгілі байлардың малын баққан, ал анасы Үміт  өнерлі, сұлу, ақылды, ел ішінде күй шертіп, ән салған абыройлы жан болған. Осындай өнер мен дәстүрге бай ортада өскен Нұрпейіс жастайынан-ақ өлең-жырға бейімділігін танытып, он алты жасында-ақ «жыршы бала» атанғанНұрпейіс Байғанинсіз той-жиын өтпеген. Ақындар айтысы мен ұлы жиындарға арнайы шақыртылған. Сонымен қатар олхалықтың сөзін сөйлеп, мұң-мұқтажын тыңдаған, ел ішін аралап, қарапайым жұртпен тығыз байланыста болған.Соғыс жылдарында ақын ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жұртты бірлікке үндеген. Майданға көмектесу мақсатында әйелдер мен қыз-келіншектерді жұмылдырып, жауынгерлерге қолғап, шұлық тігу, танк жинау ісіне ұйытқы болған, — деді Серік Ботағарин.
Ақынның шығармашылық мұрасы —қазақ руханиятының алтын қазынасы. Өз заманында жыршылығымен танымал болған ақынның 165 жылдығына арналған іс-шаралар жыршы-термешілердің байқауымен жалғасты.

«Жыраулар жолымен» атты облыстық жыршы-термешілердің байқауы Байғанин ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Байқауға облысымыздың аудандарынан 12 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сайыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды.

Алғашқы кезеңде қатысушылар Қазтуғанның, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Ақтан Керейұлы, Нұрпейіс Байғанин сынды тарихи тұлғалардың шығармаларын орындаса, екінші кезеңде қазіргі заманғы ақын-жыраулардың туындыларын ұсынды. Байқауда қатысушылардың өнеріне облысымызға танымал жыршы-термешілерден құралған қазылар алқасы баға берді. Жүлде қоры жергілікті бюджеттен бөлінді.

Нәтижесінде Ақтөбе қаласынан қатысқан Ақерке Назарбаева бас жүлдені, Байғанин ауданынан келген Мұстафа Жақсылық І орынды жеңіп алды Ақтөбелік Сымбат Нұржанқызы ІІ орынды, Әліжан Берік ІІІ орынды еншіледі. Байқауға қатысқан өзге өнерпаздар да марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды, — дейді Байғанин аудандық Мәдениет үйінің директоры Жадыра Ермекбай. Байқауға қатысушылар арасындағы ең жас өнерпаз — Ақжарқын Еркінбаева. Бұл — оның алғаш рет үлкен сахнада бағын сынаған шығармашылық додасы.—Алға ауданынан келдім. Бірінші кезеңде Ақтан Керейұлының «Болжау», екінші кезеңде Әбубәкір Кердерінің «Замана» термесін орындадым. Бұл — менің үлкен сахнаға алғаш шығуым. Байқауға қатысқаныма қуаныштымын, — деді ол.

А.АЛТЫБАЕВА.