Жаңалықтар мен оқиғалар
Әлия есімі мәңгілік! Өңірімізде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы атап өтілді.

Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ең ауқымдысы 12 және 13 маусым күндеріне жоспарланған.
Бүгін Қобда жерінде «Әлия - қаһармандық дастаны» атты кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Мерейтойға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, батырдың туыстары мен өзге де мәртебелі меймандар қатысты.
Қонақтар Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі өрнектелген театрландырылған көріністі тамашалады. Бұлақта туып өскен қаршадай қазақ қызының ғұмыры сахналық қойылымда ерекше бейнеленген. Спектакль тарихты ғана емес, батыр қыздың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елдікті, рух пен күшті айырықша көрсетті.
Мерекелік көңіл-күй концерттік бағдарламамен жалғасты. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әртістері мен қобдалық өнерпаздардың жарқын нөмірлері көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Облыс әкімі Асхат Шахаров Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен бірге этноауылдағы Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың өмір тарихынан түрлі деректер қамтылған көшпелі музей-киіз үйге кіріп шықты. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері – бәйге мен қазақ күресінде бақ сынаған спортшылардың шеберлігін тамашалады.
Айтып өтейік, 7 шақырымдық құнан бәйгеде Түркістан облысы Созақ ауылынан келген шабандоз мәреге бірінші жетсе, Ойыл ауданы - екінші, Шалқар ауданы - үшінші орынды иеленді.
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың 100жылдық мерейтойы өзінің туған жері, батырлар мекені Қобда ауданында өтті. Ғасыр тойына ҚР Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, өзге де мемлекет жәнеқоғам қайраткерлері, батыр қыздың туыстары, 1942 жылы Әлия білім алған Ресейдің Ярослав облысынан, жерленген жері Псков облысынан меймандар келді.Олар алдымен мерген арудың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылына табан тіреп, оның рухына тағзым етті. Ал негізгі мерекелік шара аудан орталығындағы этно ауылда жалғасты.
Мерейтойдың басты салтанаты «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алаңында өтті. Көпшілік керемет кештің куәсі болды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақыртумен келген эстрада жұлдыздары мен әртістер өнер көрсетті. Аллаберген Жақсыбаев, Рита және Дулат Айтжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Марат Әйтімов, Әлихан Зейнолла және өзге де өнерлі жерлестеріміз бар. Өнер иелері сахнада көптің жүрегін жаулаған сүйікті әндерін орындады. Ал концерттен бұрын жұлдыздар телекөпір арқылы байланысқа шығып, ақтөбеліктерге жылы лебіздерін арнады.