Жаңалықтар мен оқиғалар
"Jas tolqyn – 2025" жас таланттар байқауында "Шашу" отбасылық ансамблі Гран При жеңіп алды!

5–10 маусым аралығында Ақтауда Jas tolqyn – 2025 жас таланттар байқауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Шараға Батыс Қазақстанның төрт өңірінен — Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 350-ден астам өнерлі бала қатысуда.
????Байқаудың ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттерінің бірі — Ақтөбеден келген «Шашу» отбасылық ансамблінің өнер көрсетуі болды. Ұжым «Аспаптық жанр» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін жеңіп алып, биыл жылдыңсоңында Мәскеуде өтетін халықаралық «КҚК – Таланттыбалаларға» байқауына жолдама ұтып алды.
????«Шашу» ансамблі — Жетесовтер отбасының шығармашылық жобасы. Амангүл Ешпанова мен ӨмірханЖетесов 29 баланы тәрбиелеп отыр: төртеуі — туған балалары, ал 25-і — түрлі этностардан шыққанқамқорлықтағы балалар. Ақтауда өткен байқауға Амангүл жеті баласын ертіп келіп, олар қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Балалардың шынайылығы, музыкалық қабілеті және жоғары орындаушылық деңгейіқазылар алқасын және көрермендерді тәнті етті.
Байқауда ерекше көзге түскен тағы бір өнер — отбасыныңтәрбиеленушісі Александра Погорелованың жекеорындауы болды. Ол сазсырнайда қазақ халық күйінорындап, өз номинациясы бойынша екінші орынды жеңіпалды. Оның сезімге толы өнері көрермендердің ыстықықыласына бөленіп, гала-концерттің шарықтау сәтінеайналды.
????«Шашу» ансамблінің жеңісі — махаббат, қамқорлық пен сенім балалардың талантын ашуға және оларды үлкенсахнаға шығаруға қалай ықпал ететінінің жарқын үлгісі. Енді отбасы Қазақстан атынан Мәскеуде лайықты өнер көрсетуге дайындалуда.
Жетесовтер отбасын айтулы жүлдесімен құттықтай отырып, зор шығармашылық табыс тілейміз! Биік шыңды бағындыра беріңіздер!