Мұғалжар ауданы
ЖҰРЫНДЫҚ «СӘУЛЕМ-АЙ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ

Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық мәдениет үйінде 2018 жылы құрылған әжелер ансамблі «Сәулем-ай» деп аталады. Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі – Мира Байсеңгірова.
Басты мақсат — зейнет жасындағы әжелердің басын қосып, ауылыдың мәдени өміріне атсалысу. Ансамбльң репертуарында халық әндерінен бөлек, қазақ композиторларының шығармалары да бар. Бүгінде мұғалжарлық көрермендердің көзайымына айналған өнер ұжымы мәдени іс-шараларға да белсене қатысады. Сондай-ақ әжелердің көңілді жадырататын игі істері — көпке үлгі. Әжелер өнері мен өнегесі– отбасының баға жетпес байлығы ғана емес, қоғамның да тірегі, ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие құралы. Олар ана тілімізді, мәдени салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттауды, ұлттық сана-сезімімізді нығайтуды, ұмыт бола бастаған әндерді қайта жаңғыртуды мақсат тұтады.