Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ӨТЕДІ

АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ӨТЕДІ
18 қараша күні Ақтөбеде қазақтың ұлы ханы Әбілқайыр ханның 330 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Сөз бәйгесіне еліміздің Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар өңірлері мен Шымкент қаласынан 7 ақын, Ақтөбе облысынан 5 ақын қатысады. Атап айтсақ, жыр додасына Дидар Қамиев, Өміржан Көпбосын, Аспанбек Шұғатаев, Біржан Байтуов, Серік Қуанған, Нұрмахан Жақып, Ержан Әміров, Жұлдыз Қожабекова, Аруна Керімбек, Марат Ахметов, Жәнібек Бейбітов, Нұрбол Жауынбаев түседі.
Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізеді. Ал қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, айтыс ақындары Мэлс Қосымбаев, Бекжан Әшірбаев, ақын Жанарбек Әшімжанов, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ұстаз Оралбай Кометия, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі Сәтжан Дәрібай бар.
Республикалық айтыс 18 қараша күні Студенттер сарайында сағат 14.00-де басталады.
Кіру тегін