Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

ЖЕТЕСОВТЕР ӘУЛЕТІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

ЖЕТЕСОВТЕР ӘУЛЕТІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ
Құрметті Ақтөбе тұрғындары мен қала қонақтары!
Елімізге өнерімен ғана емес, балаға деген мейірімімен де белгілі, 28 ұл-қызды бауырына басқан, ән тербеген Жетесовтер отбасылық "Шашу" халықтық ансамблінің "АЙНАЛАЙЫН" атты концертіне шақырамыз.
Ұлттық өнерді, отбасы құндылығын ұлықтаған өнегелі, мейірімге толы шаңырақтың жеке концерті 27 қараша күні сағат 19.00-де Өнер орталығының концерт залында өтеді.
Өнер ұжымының көркемдік жетекшілері - "Алаш арыстарының ізін жалғастырушы" төсбелгі иегері, жыршы Умирхан Жетесов, "Шапағат" медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Амангул Ешпанова.
Музыкалық жетекшісі - композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Ақтай
Кеш қонақтары ерекше талант иелері, әлемге танымал "Sarmad" фольклорлық-этнографиялық ансамблі. "Алатау серілері" тобы, Сайжан Алмат.
Төл өнерді насихаттап жүрген бірегей ансамбльдің шығармашылық кешін тамашалап, ән-күй, жырымызбен сусындаңыздар!
Келіңіздер, көріңіздер!
Билет құны - 3000 тг.
Байланыс тел.: 8(705)4789106
8(701)2677453