Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

ХРОМТАУДА ОБЛЫСТЫҚ АЙТЫС ӨТЕДІ

ХРОМТАУДА ОБЛЫСТЫҚ АЙТЫС ӨТЕДІ
         8 қараша күні Хромтау ауданы әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен
"Сұрасаң, менің атым - Әкімәлі,
Бақ қонса, ердің сөзі бәтуалы..." атты ақын Әкімәлі Қаржауовқа арналған облыстық ақындар айтысы өтеді.
         Айтысты облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағы Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Марат Ахметов жүргізеді.
         Жыр додасына Жұлдыз Қожабекова (Хромтау ауданы), Нартай Тлеуқұл (Темір ауданы), Қайыржан Жұбаниязов (Әйтеке би ауданы), Аруна Керімбек (Шалқар ауданы), Данияр Алдабергенов, Жәнібек Бейбітов (Ақтөбе қ.), Жаңажол Мұқан (Мәртөк ауданы), Нұрбол Жауынбаев (Байғанин ауданы), Злиқа Наурызалина (Қобда ауданы), Айболат Көшкінбай (Ойыл ауданы) түседі.
         Облыстық ақындар айтысын 8 қараша күні сағат 18.00-де "Кеншілер" мәдениет үйіне келіп, тамашалай аласыздар.