Афиша
ОЙЫЛДА ТАРЫ МЕРЕКЕСІ ӨТЕДІ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2023 жылды Халықаралық тары жылы деп жариялады.
Ақтөбе облысы Ойылдың ақ тарысының отаны ретінде танымал.
Дүниежүзілік рекорд жасаған даңқты еңбек ері Шығанақ Берсиевтің Ойыл өзенінің бойына еккен тарысы ең дәмді, құнарлы дақыл болып шартарапқа танылды.
Этнофестивальде тарыны түю, қуыру, түю байқауы, өнімінен әзірленген түрлі тағамдар, қазақтың басқа да ас мәзірлері, ұлттық киім үлгілері, қолөнер бұйымдарына арналған көрме өтеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының аудандарынан келген өнерпаздардың концертін тамашалайсыздар, сонымен қатар «Кимешек шеруі», «Этно-fashion» көрсетілімі ұсынылып және олардың мән-мағыналары жайлы этнографлық мәліметтер беріледі.
Балалар мен жасөспірімдерді ұлттық ойындарға қатысуға шақырамыз
Балалар мен жасөспірімдерді ұлттық ойындарға қатысуға шақырамыз
Қадірлі ағайын, Ойылдың ақ тарысы дәріптелген дүбірлі дала кешін бірге тамашалайық, келіңіздер, көріңіздер!