Афиша
Қазақстаннық халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Театр - өнердің ұлы көші» республикалық халықтық театрлар фестивалі
11-12 сәуірде Ақтөбе қаласында Қазақстаннық халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған «Театр - өнердің ұлы көші» атты республикалық халықтық театрлар фестивалі өтеді.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған дәстүрлі халық театрлар қазақ әдебиетінің қос классигі Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады.
Фестивальға Қарағанды облысының Шет ауданы, БҚО Бөрлі ауданы, Жетісу облысының Ақсу ауданы, Абай облысының Ақсуат ауданы, Қызылорда облысының Шиелі ауданы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, Түркістан облысының Ордабасы ауданының, сондай-ақ, облысымыздың Ойыл, Шалқар, Мұғалжар аудандарынан барлығы 10 «халықтық» атағы бар театрлар қатысады.
Фестиваль — халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына арналып отыр. Сондықтан халық театрлары көрермендерге әзірлеп әкелген Т.Ахтановтың «Күтпеген кезедсу», «Күшік күйеу», «Махаббат мұңы», «Арыстанның сыбағасы» т.б. дүниелерін ұсынатын болады.
Екі күнде 10 спектакльді белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов бастаған қазылар алқасы бағалайды.
Фестиваль аясында театр спектакльдерінің байқауы, актерлер мен режиссерлер үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.