Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

Облыстық «Батаменен ел көгерер» батагөй ақсақалдар байқауы

Облыстық «Батаменен ел көгерер» батагөй ақсақалдар байқауы
Өтетін мерзімі: 2023 жылғы 20 наурыз, сағат 15.00
Өтетін орны: Облыстық «Алақай» қуыршақ театры
 
20 наурыз — облыста «Бата күні» болып белгіленді. Осы орайда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық ардагерлер кеңесінің  қолдауымен Халық шығармашылығы орталығы ақсақалдар арасында бата беруден облыстық байқауын өткізеді.
Үздік бата беру байқауына 65-80 жас аралығындағы аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысады.
Байқаудың шартына сай ақсақалдар өздерін таныстырып, аңыз-әңгімелерден сыр шертіп, жиналғандарға Наурыз бата береді.
Батагөй қариялардың өнерін еліміздің театр саласының дамуына үлес қосқан сала ардагері,  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мағзом Бақытжанов, Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Әбиева бағалайды.