Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

Ақтөбеде аламан айтыс өтеді

Ақтөбеде аламан айтыс өтеді
Ақтөбе қаласында 8-9 қазан күндері ту ұстап, тарлан мінген тархан Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған «Еркіндік қыраны, шарықта» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. 

Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған дүбірлі додада Қанат Мырзаханұлы (Жамбыл облысы), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау облысы), Рүстем Қайыртай (Абай облысы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қ.), Серік Қуанған (Шығыс Қазақстан обл.), Біржан Байтуов (Шымкент қ.), Айдос Рахметов (Қызылорда обл.), Қазырет Бердіхан (Алматы қ.), Шалқарбай Ізбасаров (Атырау обл.), Рауан Қайдаров (Астана қ.) және ақтөбелік ақындар Жұлдыз Қожабекова, Марат Ахметов, Ершат Қайболдин, Жәнібек Бейбітов, Айболат Көшкінбаев, Нұрбол Жауынбаев өнер көрсетеді.

8 қазан сағат 16.00-де Республкалық  ақындар айтысының І кезеңі. 
9 қазан 10.00-де Айтыстың ақтық кезеңі, марапаттау рәсімі 

Сөз додасынан қапы қалмаңыз, айтыс сүйер ағайын!