Афиша
ЫРҒЫЗДА «ЖАРМОЛА ЖӘРМЕҢКЕСІ-2022» ӨТЕДІ

10-11 қыркүйек күндері Ырғыз ауданында «Жармола жәрмеңкесі-2022» атты кешенді іс-шара өтеді. Облыс әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ырғыз ауданы әкімдігі бірлесе ұйымдастыратын кешенді шараға Ақтөбенің аудандарымен қатар, басқа өңірлерден қонақтар да қатысады. Осы күндері Ырғыз ауданы мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар орталығына айналады.