Афиша
Жыр сүйер қауымға жағымды жаңалық

15 маусым күні сағат 16.00- де «Ер Едіге» жыр мектебінің кезекті кеші Мәртөк аудандық мәдениет үйінде өтеді. Жыр кешінде өңірдің жыршылары өнер көрсететін болады. Жыршылар көрермендеріне Наурызбек, Батақтың Сарысы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрпейіс Байғанин сынды әнші-жыраулар мен халық композиторларының шығармаларын жырлайды. Мақсат - өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты, өнегеге толы, тәрбиесі мол мұраны жыр арқылы сіңіріп, жеткізу.