Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

БІЗДІҢ «ШАШУ» НҰР-СҰЛТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

БІЗДІҢ «ШАШУ» НҰР-СҰЛТАНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16 маусым күні сағат 14.00-де Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Шуағын шашқан шаңырақ» атты көрермендермен сырласу концертіне шақырады.

Ансамбль жетекшілері Өмірхан мен Амангүл Жетесовтер — 3 баланың ата-анасы. Бұдан өзге, отбасы 18 баланы бауырына басып тәрбиелеп отыр.
Елімізге өнері ғана емес, балаға деген мейірімімен де белгілі отбасылық ансамбль 2004 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Шашу» — ұлттық өнерімізді, соның ішінде дәстүрлі әніміз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан бірегей ұжым.