Афиша
"СЕНДЕР МЕНІҢ БАҚЫТЫМНЫҢ БҰЛАҒЫ» ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ

13 сәуір сағат 12.00-де Мұғалжар аудандық мәдениет үйі есімі Алашқа ғана емес, адамзатқа ортақ ақын Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына арналған "Сендер менің бақытымның бұлағы" атты әдеби-сазды кеш өткізеді.
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің биігімде, – деп жырлаған ақын ешқашан өлген емес. Оның рухы бізге осындай өлең жолдарымен мәңгі тірі.