Афиша
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАҒАН «ШАШУДЫҢ» КЕЗДЕСУ КЕШТЕРІ ЖАЛҒАСУДА

9 сәуір күні сағат 12.00-де танымал өнер ұжымы «Шашу» халықтық Жетесовтердің отабсылық ансамблінің кезекті кездесу кеші А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінде өтеді.
Ұлттық өнер мен отбасы құндылығын ұлықтаған «Шашу» ансамблі мектептер мен оқу орындарда «Ұлы даланың әуендері», «Шаңырақ шаттығы», «Ұлттық өнер — ұлы мұра» тақырыптары бойынша дәріс-концерттерді үзбей өткізіп келеді. Шара барысында Өмірхан мен Амангүл қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының тарихына тоқталып, ансамбль ән айтып, күй тартып, жыр- термелерді жырлайды.