Афиша
АҚТӨБЕДЕ «ЕР ЕДІГЕ – НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ ЖЫРЫ» МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ

2020 жылғы 26 қараша күні Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Ер Едіге - Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомының жарыққа шығуына арналған іс-шаралар легі өтеді.
Мақсаты - түркітектес байырғы көшпенділер жасаған Қазақстанның мәдени мұраларының бірі, қазақ халқының жыршылық өнеріне арқау болған қазаққа ғана емес, татар, ноғай, башқұрт тағы басқа исі түркі халықтарына ортақ мұра «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосының басты кейіпкері ер Едіге батырдың өмірі мен ерлік жолдарын насихаттау, жас ұрпақты халықтың жырларымен сусындатып, қадір-қасиетін арттырып, көп жанрлы дәстүрлі өнерімізбен таныстырып, тәрбиелеу. Шаралар легі Едіге батырдың ескерткішіне тағзым етуден басталып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласып, «Едіге деген ер екен...» атты жыршылардың жыр кешімен жалғасады.

Басқосуға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Құл-Мұхаммед (бейнеқұттықтау), атақты жырау, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алмасбек Алматов, Умар Алиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова (онлайн), Сақтаған Бәйішев университетінің президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Ахан тағы да басқа танымал ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, жыршы-жыраулар қатысады.