Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "ОТБАСЫ -ҰЛТ ТІРЕГІ" ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН "ОТБАСЫ -ҰЛТ ТІРЕГІ" ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Облыстың ең үздік шаңырағы. Облыстық халық шығармашылығы орталығы тамаша бастамалардың бірі – ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған 
"Отбасы – ұлт тірегі" атты облыстық отбасылық онлайн байқауына қатысуға шақырады. 
«Әйел – үйдегі ырысың, ұл – айбарлы қылышың, қыз – түздегі өрісің, келін – кеңейген тынысың». Қазақ халқы ықылым заманнан бері отбасы құндылығын жоғары қойған. Бұл байқау дәстүрді сақтай отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік, рухани институтты нығайтуға жол ашады. Әр отбасының өзіне тән ерекшеліктерін паш етеді. 
Байқау 28 тамыз күні онлайн форматта өтеді. Оған 40 жасқа дейінгі 4 адамнан кем емес отбасылар қатыса алады. 
Аталмыш отбасылық байқау «Отбасым - байлығым» және «Шаңырағым – шаттығым» сынды аталымдардан тұрады. 
Байқауға қатысу үшін үміткерлер іріктеудің 2 кезеңінен өтуі тиіс. Қатысушылар бірінші кезеңде өз отбасы жайында 3-5 минуттық таныстыру бейнеролигін түсіріп және арнайы өтінішті 23 тамызға дейін aktobe_ocnt@mail.ru электрондық поштасына жіберулері тиіс. Бірінші турдан өткен отбасылар екінші кезеңге жолдама алады.

Байқаудың марапаттау рәсімі:
Бас жүлде - мұздатқыш
I орын - теледидар
II орын - кір жуғыш машина
III орын - ноутбук. Ынталандыру сыйлығы - шаңсорғыш