Афиша
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ – БӨГЕТСАЙ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

24 шілде сағат 11.00-де Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм желілерінің тікелей эфирінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына арналған "Ұмытпас мені ғасырлар" атты онлайн әдеби кешін тамашалауға шақырады.
Нұрпейіс ақын 1860 жылы қазіргі Темір ауданы аумағындағы Ақсай ауылына жақын Сүлікті деген жерде дүниеге келген. Ақынның әкесі — Байғана шаруа адамы, ал анасы Үміт әнші, айтыскер, өнерлі адам болған деседі. Нұрпейіс қолына ерте домбыра ұстапты. Замандастарының айтуынша, Нұрпейіс Махамбет ақынның жыр-толғауларын өте көп білген, сол жыр-толғауларды таратып-насихаттаушылардың бірі болған.
Нұрпейіс Байғанин – айтыскер әрі төкпе ақын. Оның шығармашылығы батырлар жырын жырлаудан басталып, өзінің «Қарасай Қази», «Нарқыз», «Ақкенже» туындыларымен жалғасқан. Ол батырлық жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтерген ақын.
Бүгінде Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және өзге қалалардағы көшелер мен мектептерге, кітапханаға ақынның аты берілген.