Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫ ҰЛЫҚТАҒАН «ДОМБЫРА КЕРУЕНІ»

ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫ ҰЛЫҚТАҒАН «ДОМБЫРА КЕРУЕНІ»
           Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні. Биыл бұл мереке 5 шілдеге келіп тұр. Осыған орай Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы және қалалық, аудандық Мәденит үйлерінің бастамасымен «Домбыра - керуен» онлайн марафонын өткізеді.                     Әрине, бірінші орында «Домбыра - керуен» аты айтып тұрғандай қазақтың қара домбырасы болады. Домбыра - асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен, халықымыздың қастерлеп, жалғызындай аялап, қақ төріне ілген ең қымбат, ең ардақты музыкалық аспабы. Олай болса, осы байлығымызды насихаттауға, жаңғыртуға бағытталған «Домбыра - керуен» онлайн марафонына үлес қосу – ортақ міндет. 
            Шара @aktobe_ocnt инстаграм парақшасының тікелей эфирінде сағат 10.00-де басталып, кешке дейін жалғасады. Тікелей эфирде күні бойы домбыра күмбірі бір толастамайтын болады. Күй тартылып, өлең оқылып, құттықтаулар айтылып, домбыраны жанына серік еткен жандардың өнері, әсем әуендер де көрерменнің құлақ құрышын қандыратыны сөзсіз. Ұлттық өнермен сусындағысы келетін әр тұрғын көрермен немесе қатысушы да бола алады. Ол үшін @Aktobe_ocnt инстаграм парақшасына жазылып, «Домбыра керуенді» тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар.
           Тікелей эфирде көрермендер әуезді ән-күйге бөленіп қана қоймай, домбыра туралы танымын кеңейтетін сұрақ-жауап сайысына да қатысып, тіпті «Мына күйді тартып, әнді шырқап жіберсеңіз…» деген көрерменнің тілегі де ескерусіз қалмайтын болады.