Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Афиша

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР МЕН ОБЛЫС ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР МЕН ОБЛЫС ҚОНАҚТАРЫ!
          26 қазан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Ойыл ауданында «Аналарға тағзым» Форумы және «Ақ әже» халықтық ансамблінің 10 жылдығына арналған «Ақ әжелер әуені» мерекелік концерті өтеді.
          Мақсаты - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық және отбасы құндылықтарын сақтау, ұлықтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына қазақтың салт-дәстүрлерін сіңіру, абзал аналарымызға деген құрмет пен олардың өнегесін насихаттау.
          Өнердің көшін өрлетіп, салт-дәстүрді және халық әндерін насиахттап жүрген «Ақ әже» халықтық ансамбліне – 10 жыл. Ойыл аудандық мәдениет үйінің «Ақ әже» халықтық ансамблі 2008 жылы құрылды. Көркемдік жетекшісі – Артур Асанғалиев. Ансамбль репертуары халық әндері мен қазақстандық композиторлардың шығармаларынан тұрады. 2009 жылы ансамбль «халықтық» атағына ие болды. Бүгінгі таңда ансамбль көптеген облыстық, аймақтық байқаулар, фестивальдар мен мәдени шараларға белсенді қатысып келеді.
          Ұмытылып бара жатқан халық әндерін қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген «Ақ әже» халықтық ансамблінің мүшелеріне денсаулық, шаттық пен шығармашылық табыстар тілейміз.